19-нұсқа 1-мәтін
Бірде қалмақтар бір үңгірге бекініп алыпты. Үңгірдің аузында сол уақыттағы атақты қара қарулы мерген отырып алыпты. Бірнеше батырдың өлімінен кейін ешкімнің баруға дәті бармайды. Осы сәтте сіргелі Елшібек батыр құлагер атымен қалмаққа қарай жорғалай жөнеледі. Арттағылар бұл да өлді-ау деп тұрады. Елшібек оған жақын келеді де, атой салады. Қалмақ білтесін тұтатады, – мылтық атылмай қалады. Екінші рет дайындап үлгергенше, батыр оны шауып тастайды.
Кейін одан неліктен жорғалатып барғанын сұрағанда, ол: «Қалмақ менің атымды алғысы келді, сондықтан менің жақын келуімді күтті, ал мен оған жеткенше мылтыққа үлкен күйік жиналып артынан атылмай қалатынын білдім» деп жауап береді.
(«Қазақ аңыздары» кітабынан)
1. Мәтіндегі асты сызылған «дәті» деген сөздің мағынасы?
A) ақылы
B) батылы
C) сөзі
D) көңілі
2. Қай азатжолда Елшібек батырдың ақылдылығы белгілі болады?
A) белгісіз
B) тек біріншісінде
C) екеуінде де
D) тек екіншісінде

2-мәтін
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, қырғауылы қызылда, құйрық жүні ұзында, көк отты, көгілдір көлді, нілді аспанды, ақбұйрат таулы, ұшқан құстың қанаты талған, шапқан аттың тұяғы күйген, бір шетінен екінші шетіне айлық жолы бар иен даланы ат үстінен түспейтін әлде сақ, әлде қас деген көшпелі ел мекен етіпті. Олар туған жердің әрбір тасын қасық қаны қалғандарынша қорғапты, сол жолда оққа ұшқан ерлерін қастерлепті, олардың есімдерін өлең-жырға қосып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіпті. Қасиетке балаған жерлерін «туған жер», «атамекен», «атажұрт», «отан» деп құрметтеп, қастерлепті. Отарлатып құйрықты қой-ешкі, табындатып әукелі сиыр, қосындап жаялы жылқы, келелеп өркешті түйе өсіріп, солардың от жаңартуымен қоныс жаңалап отырыпты.
Қаламынан шыққан уық шаңырақты айналып шығады ғой, бұлар да солай туған жерлерін жылдың төрт мезгілінде айналып шығады екен. Қолға үйреткен төрт түліктері көктеу, жайлау, күзеу,қыстауларын үнемі жаңартып, туған жерлерін толтырыпты, басқа жұрттың отын от деп білмепті, жұрт жаңартқанда адасқандай болса немесе қолды болса, аруанасы боздап, биесі кісінеп, сиыры мөңіреп, қой-ешкісі маңырап, тура тартып, туған жерлерін жазбай таныпты. Ол жолда көлі де, шөлі де кедергі бола алмапты, малы ғана емес, елдің кіндігі де туған жерге байланыпты. Еңбектеген баласынан еңкейген қариясына дейін туған жерде көз жұмуды армандапты. Сүйектерінің жат жерде қалмауын баласының баласына, немересінің немересіне аманаттапты.
3. Мәтіндегі «Басқа жұрттың отын от деп білмепті» деген сөйлемнің мәні
А) Бөтен жерді үнемі жаңартып отырыпты
В) Бөтен жерде от жақпапты, өз жерінде ғана от жағыпты
С) Бөтен жерді жатсынып, өз туған жерін ғана мойындапты
D) Бөтен жерді жерсінбей, әзер үйреніпті
4. Даланы мекендеген елдің қоныс жаңарту себебі
А) Бағып отырған төрт түлігінің жайылымын ауыстыру
В) Көрші елдермен тығыз байланыс орнату
С) Ата-бабаларының аманатын орындау
D) Жаугершілік заманда амалсыздан атамекенін тастап көшу
5. Еңбектеген бала мен еңкейген қарияның арманынан туған аманат
А) Туған жерге аянбай қызмет ету
В) Атақонысын әрдайым жазбай тану
С) Атажұртын қасық қаны қалғанша қорғау
D) Еш уақытта атамекенінен ажырамау
6. Мәтіннің негізгі идеясын ашатын түйінді ой
А) Кең болсаң, кем болмайсың.
В) Тәрбиелі адам тағалы атпен тең.
С) Мәуелі ағаш майысқақ.
D) Ата қоныс – алтын мекен.

galinamosyagina galinamosyagina    1   05.01.2021 07:02    14

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi