18.Сөйлемдерден бірнеше сөздерді теріп жазып, буынға бөліп, олардан тұйық буынды ажыратыңыз. Үлгі: Оқуын: о+қу+ын; тұйық буын – ын; ол – тұйық буын. Жүсіпбек Аймауытов 1911 жылы Павлодардағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары ол Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады. «Абай» журналын шығаруға атсалысады.