$18. Дәрігермен сұхбат =
Оқылым
1.
Мәтінді мұқият оқыңдар. «Идеялар жинау» әдісімен тақырып бойынша сұрақтар
дайындап, өзара ой бөлісіңдер.
Балалар дәрігері, академик Камал Ормантаевтың сұхбаты
Бүгінгі бала ертеңгі болашақ, сондықтан ұрпақ саулығы қоғамның
басты назарында болуы тиіс. Бірақ «қазір балалардың денсаулығы әлсіреп
кетті», - деп жатамыз. Сол рас па?
Әр адам үшін денінің сау болуы маңызды, бәрі
ұзақ өмір сүргісі келеді. Бірақ денсаулықты күтудің
жөні бір бөлек. Біздің есебіміз бойынша аурудың
14 мың түрі бар. Әрқайсысының пайда болу себебі
әртүрлі екенін ескере отырып, көп аурудың тұқым
қуалаушылық арқылы берілетінін айтқым келе-
ді. Баланың денсаулығы тоғыз ай бойы құрсағында
көтерген анасының денсаулығына байланысты болады.
Аурудың пайда болуының екінші себебі – тамақ ішуіне,
үшінші дене қозғалысына, төртінші жұмыс істеу
түріне байланысты. Мысалы, көп адамдардың жүйкесі
жұқарып жүреді. Содан жүйке аурулары пайда бола-
ды. Негізі, ауру түрі көп, соның ішінде негізгілерін
айтып отырмын.
Балаға дәріні көп берген дұрыс па?
— Мысалы, бір дәрігерге барсаң, ол саған 5-7 дәрі береді. Үш дәрігерге бар-
саң, 15-20 дәрі жазып беруі мүмкін. Оның бәрін ішу мүмкін емес. Дәрінің
өзі химиялық у. Дәрі бір мүшеге жеткенше, барлық мүшені аралап шыға-
ды. Сондықтан дәріні көп ішкен дұрыс емес. Бірақ дәрі ішпей болмайтын
аурулар бар, мәселен, бронх демікпесі, қант диабеті, жүрек-қан тамырлар
жүйесі ауруларында дәрі ішуге мәжбүрсің. Ал бізде барлық ауруға бірден
дәрі береді.
(old.aikyn.kz/.../16527-kaтal_ormantaev_akademik_aurudy... )
? Ойтүрткі
1. Дәрігерде соңғы рет қашан болдыңдар?
2. Аурудың алдын алудың қандай жолдары бар?
3. Денсаулықты сақтау үшін не істеу керек?​

Rossen Rossen    3   20.10.2020 03:02    0

Ответы
samprosto02 samprosto02  19.11.2020 03:08

1.Тісім ауырғанда

2.Дарі ішу керек,немесе дурыс тамақтанып спортпен шұғылдану керек

3.дұрыс тамақтану керек,спортпен шұғылдану керек,түрлі көкөністер,жеміс-жидектер жеу керек.

дұрыс болса лайк басып кетші өтінем

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi