№ 17 мектеп-гимназиясының 5 « » сынып оқушысы
қазақ тілінен «Ежелгі көшпелілер мәдениеті», «Су – тіршілік көзі» бөлімдері
бойынша жиынтық бағалау жұмысы
Оқылым. Мәтінді мұқият оқыңыз.
Адамдар ерте кезден сауда жасаған. Уақыт өте ел мен елді, қалалар мен
халықтарды бір-бірімен байланыстыратын сауда жолдары пайда болды.
Осылайша Еуропа мен Азияда Ұлы Жібек жолы Чжан Цянбының саяхаты
нәтижесінде ашылды. «Ұлы Жібек жолы» деген атауды 1877 жылы неміс
географы Фердинанд фон Рихтгофен берді.
Ұлы Жібек жолының бір тармағы – Египет пен Вавилонда, Иранда өте
қымбат бағаланатын, әдемі көк тас лазурит тасымалдаған — «лазурит жолы» деп
аталған. Екінші тармағы Қытайдағы императорлар мен ақсүйектерге
әшекейлер жасау үшін әдемі нефрит тасын тасымалдайтын — «нефрит жолы»
болған. Ал үшінші «бұлғын жолымен» қымбат бағалы терілер тасылған.
Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Жолдың бойында
Испиджаб, Тараз, Алматы, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ қалалары бой
көтерді.
1-тапсырма.
Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.
( )
2-тапсырма
Мәтін мазмұнына қатысты 1 сұрақ құрастыру.
( )
3-тапсырма
Сұрақтарға дұрыс жауап беру
«Ұлы Жібек жолы» деген атауды кiм берді?
( )
» Қазақстан жерінде қандай қалалар бой көтерді?
( )
» «Ұлы Жібек жолының» үшінші «бұлғын жолымен» нелер тасылған? ( )
4-тапсырма
Төменде берілген сан есімдерді сөзбен жазып, реттік сан есімдерге
айналдырыңыз. (Мысалы, 1-бір-бірінші)
( )
Сандар
Реттік сан есім ретінде
Сандардың сөзбен
жазылуы
15
100
1000
(5
5-тапсырма
Бір тақырыпты таңдап, мәтін құрастырып жазыңыз
)
«Судың адам өміріндегі маңызы»
«Ежелгі көшпелілер мәдениеті»
Дескриптор:
тірек сөздерді қатыстырып, шағын мәтін жазады; 1
тыныс белгісін дұрыс қояды;
1
орфографиялық нормаға сай жазады.
1
мәтінде сан есім, есімдіктерді қолданады
1