157-бет 3-тапсырманы көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасау Жазушы-фантаст Жүніс Сахиев өз сұхбатында: «...Ертегі мен ғылыми
фантастика бір-біріне ұқсамайтын, әрқайсысының орны бөлек жанрлар.
Фантастиканың өзі ғылыми фантастика, фантастикалық юмор, фантасти-
калық скетч және басқалай болып бөлініп кетеді. Ғылыми фантастиканың
табиғаты ғылым мен шындыққа жуық келеді. Сондықтан да оның жүгі
ауыр», - дейді.
Ал жазушы, профессор, ҚР және ҚХР Жазушылар Одағының мүшесі
С.Жанболатов: «Ғылыми фантастиканың рухани тағаны - арғы замандарға тән
мифтік аңыздарға, ежелгі әпсаналарға, ауыз әдебиетіне (мысалы, адамзат пен
он сегіз мың ғалам арасындағы байланысты түсіндіруге, қоғамның болашақ
тағдырына үңілуге және оны болжауға) еліктеу. Оған қиял-ғажайыптық, ерте-
гілік қасиет те тән», - дейді.