15 берем
мәтін:
археологиялық зерттеу барысында жаңадан табылған этнографиялық ескерткіштер ертедегі түркі тілдес халықтардың осы көне жазба түрлерін пайдаланғанын дәлелдеді. б.з.д. 5-4 ғасырлардағы қорымдардан табылған руникалық екі ойма жазу оңтүстік сібір мен қазақстанның ежелгі көшпелі тайпаларында өзіндік әліпбиі болғандығын айғақтайды. мұның бірі - ертіс бойынан табылған сүйек тұмардағы, екіншісі - іле бойынан табылған күміс тостағандағы ойма жазу.