141-жаттығу. Мәтіндегі сөздерді сөз табына қарай талдап, топтастырудың қай принципіне сай, қай принципіне қайшы келіп тұрғанын көрсетіңіздер.
Ендігі сүзгені қарағап еді. Ені тар болса да, көлбей созылған қалың қарағайдың сол жақ шетінен түсіп, түре қарап тұр еді. Дәл өзінің тұсына тақай бергенде, бір қалың біткен шоқ қарағайдың үстіңгі жағында болымсыз ғана бір белгі елес еткендей болды. «Шын ба, қақас көргем жоқ па» дегендей боп, көзін сүртіп ап, қайта қадалды. Болар-болмас қана білінген көкшіл буалдыр, өзге мұнардан гөрі қоюырақ және қозғалған тәрізденіп, ырғалып толқып, баяу ғана сейілдеді. Аспандап, биіктемей-ақ, көз ұшынан жоғалып жатыр. Бекболдың бір баққан белгісі, осы еді (М.Ә.).