14-тапсырма. Суретке қарап, екі қыздың диалогін құрап жазыңдар. Диалог
14-15 үнқатымнан тұрсын. Әр қыздың сөй-
леу мәдениетін сыртқы келбетіне сай етіп
құрыңдар.​


14-тапсырма. Суретке қарап, екі қыздың диалогін құрап жазыңдар. Диалог14-15 үнқатымнан тұрсын. Әр қы

milana0372milana milana0372milana    2   03.03.2021 19:36    3

Ответы
Sasha200593 Sasha200593  02.04.2021 19:36

–Сәлем, Ажар!Қалың қалай?

–Хей, Айару! Кеттік,саябақта қыздар жиналып жатыр.

–Неге , сен бүгін мектепке келмедің? Мұғалімнің сені қанша уақыт бойы іздегенін білесің бе?

–Жоқ,білгім де келмейді.Мені ауырып қалды деп айта салмадыңба!

–Бірақ,сен ауырып тұрған адамға мүлде ұқсамайсың ғой.Мен қалайша өтірік айта аламын?

–Сонымен,Айару, сен саябаққа барасың ба?

–Ажар, сен менің сұрағыма әлі жауап бермедің.Оның үстіне,сөзімді бөліп жібердің.Бұл не деген мәдениетсіздік!Мені қойшы,бірақ мұғалімге деген қарым-қатынасың жарамайды.Сен одан дереу кешірім сұрау қажетсің немесе сабаққа келмеу себебіңді айт.

–Мен не істегім келеді,соны істеймін. Сен маған нұсқау бола алмайсың.Түсіндің бе?

–Құрбым, сенің ісің дұрыс емес.

–Айару,сен мені ренжіттің.Менің көңіл-күйімді бұздың. Мен енді сенімен ойнамаймын .

–Жоқ,Ажар! Сен мені барлығына кінәлап тұрсың.Содан мен саған ренжу керекпін .Бірақ, мен ақкөніл адаммын. Сондықтан мен сені кешіремін!Жақсы,сау бол!

–Сау бол,Айару!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi