13. Мәтінді мұқият тыңда. Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі көне сәулет ескерткіш- терінің бірі. Ол бүкіләлемдік мұра тізіміне енген. Кесенені салуға Әмір Темір бұйрық берген. Кесененің қабырғалары биік, үлкен шаршы бөлме. Оның ортасында үлкен Тайқазан бар. Тайқазан бірлік пен қонақжайлылық белгісі. Оның диаметрі екі метрден асады, салмағы екі тонна. «Қазақстанның жеті кереметі» кітабынан • Мәтіннің алғашқы үш сөйлемін көшіріп жазып, ондағы сөйлем мүшелерінің қайсысы дара, қайсысы күрделі екенін анықта.