124 17. Мәтінді түсініп оқы.
Серіктің ағасы ұшқыш. Бірақ оның ұшағы шағын. Ол
соны ойлап, қиялдап отыр. Ағасы үлкен ұшақты басқарса
ғой! Күнде теледидардан көрсететін ұшақтар қандай керемет!
Серік, сен не ойлап кеттің? — деді қасына келген ағасы.
– Аға, сен неге үлкен ұшақпен ұшпайсың?
— Үлкен ұшақтармен ұшатын ұшқыштар көп. Мен сияқты
шағын ұшақпен ұшып, халық шаруашылығына көмектесетін
адамдар да керек, деді ағасы.
«Балдырған» журналынан
• Мәтін не туралы?
• Мәтін саған ұнады ма?
• Ұшақтың қандай түрлерін білесің?