12. «Қайтсін кіндігі бір болса да, өскен ортасы басқа, Адам жаңа қалпақ екеш қалпақты да байқап-байқап келеді. Жер астынан шыққан желім батырдай жабыса кеткен ағасын жатсынып
отыр ғой... » Манаптың осы ойына өз көзқарасыңызды білдіріп, 100-120 сөз көлемінде эссе
жазыңыз. [5]​

геометрия64 геометрия64    2   15.03.2021 10:33    126

Ответы
samuraterikov0 samuraterikov0  15.03.2021 10:40

Бұл үзінді Марат Қабанбаевтың “Бауыр” әңгімесінен берілген.Әңгімеде тағдырдың тауқыметімен жолдары екіге айрылған ағалы-інілі Қали мен Манаптың кездесуі туралы айтылған.

Берілген үзіндіде Манаптың бұлай ойлауы орынды деп ойлаймын.Себебі,Қалидің бұны жатсынып,көп әңгімеге тартылмай отырды.Қали оны ес білгелі көрмеді әрі екеуі әртүрлі ортада өсіп,жетілді емес пе?Төтеден шапқан жау секілді балалар үйіне Манаптың ойда жоқты келуі,әрине,Қали үшін күтпеген жағдай.Манаптың бұл ойынан оның байқампаздығын,ересектігін және түсінігі мол жан екенін байқауға болады.Себебі,ол інісіне "Неге бұлай жатсынасың?Мен сенің ағаңмын ғой?" деп бас салған жоқ.Манаптың орынында болсам,мен Қалиге алдын ала өзімді таныстырып,осындай бауыры бар екендігін біліп жүрсін деген ниетпен хат-хабар алысар едім.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi