11 тақырыптың бірін таңдап әдеби эссе жазыңыз 1)тарихта терен ізің бар
2)Махамбет өршіл ақын
3)Шоқан халқымыздың жарық жұлдызы​

EsmaVaida EsmaVaida    3   23.12.2020 21:43    4

Ответы
Temka333333 Temka333333  22.01.2021 21:43
Азаттық үшін алысқан, елі үшін егескен арыстан бабамыз Махамбет Өтемісұлының қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше. Рухы биік жырлары ақынның атадан туған аруақты ер екенін дәлелдей түседі. Тарихшы ғалым Тілекқабыл Боранғалиұлы өзінің «Ғасырдан тәбәрік» атты еңбегінде: «Қазақ жырының ой-санасы – Абай, ар-намысы – Махамбет. Абайдың ғибратымен, Махамбеттің жігерімен еңсе тіктеген әлеуетпіз. Бірі-рухани ұстазымыз, бірі-рухты ұранымыз» деп, Махамбеттің өзгеше жан екенін сөз етті.

Жалынды ақын,намысшыл ержүрек жауынгер өзінің қысқа да жарық отты өмірін жан тәнімен халқына арнап,еркіндік идеясы мен әділеттілікті ұран етіп,найза ұшын,қалам құдыретін шебер ұштастырды. Махамбет көшпелілер өркениетінің осынау жарық дүниемен шарқырап тұрып қоштасқан соңғы үні. Жалына қол тигізбейтін көшпелілердің қыл сағағын тағдыр тұзағы қылқындырған сәтте асау рухы Махамбет болып тұяқ серпігендей. Қазақты ұлт ретінде даралап, тарих сахнасына шығарған көшпелілер мәдениетінің буырқанып келіп жартасты соққан ақжал толқыны Махамбет тәрізді. Егер, Қазақ халқының рухани үрдісін кең аяда тарихи құбылыс ретінде елестетер болсақ, онда Көне Түркі ескерткіштерінен Қорқыт пен Асанқайғыдан бастап, Шалкиіз бен Қазтуған, Ақтамбердіге дейін жалғасып, ақыр аяғында Махамбетке келіп тірелетін жорық жырауларының бір-бірімен ғасырлар ойнауынан сабақтасқан жалынды үнін анық естуге болады. Махамбет – жорық жырауы. Сол Ұлы бабаларының дәстүрін жалғастырған, рухын сөзімен емес ерлік ісімен көрсеткен батыр-жырау. Ауыз әдебиетінің тереңінен сусындаған, өзінің бойына халықтық дәстүрді терең сіңірген Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманұлы бастаған халық көтерілісінде маңызды рөл аткарды, ол өзінің өлеңдері арқылы халықты патша өкіметі мен хандардың езгісіне қарсы күреске шақырды. Махамбеттің өлеңдері бостандық пен әділдікті, халық көсемдерінің батырлығын қалың халық бұқарасына паш ету мақсатында жазылды
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
afa2004 afa2004  22.01.2021 21:43

3 ті тандадымм

Объяснение:

Шоқан Уәлиханов – Еуропа мәдениетін мол игеріп, неміс, француз, орыс тілдерін, әдебиетін терең таныған жан. Ол тек өз халқы ғана емес, көрші қырғыздың, Қашқардың, Қытайдың, Жоңғарияның мәдениеті, әдебиеті, тарихы, философиясы, жағрафиясы жайлы құнды еңбектер жазып қалдырған ғылым иесі. Қоғамдық құрылысты, патшаның отаршылдық саясатын, халқының басындағы теңсіздікті көріп, сол ауыртпашылықты жою жолында күрескен қоғам қайраткері.

Патшаның отарлау саясатында қазақтың бай да дархан даласын иемдену үшін қанаудың жаңа түрін шығарған «сот реформасын» қатты сынады. Қалың бұқара халық бұл реформадан еш жақсылық ала алмайтынын айтып, «халықтың мұң-мұқтажына тікелей қатысы бар, халыққа ең маңызды, ең керекті реформа – экономикалық және әлеуметтік реформа» екендігін ашына айтқан еді. Бала күнінен-ақ Шығыс шайырларының атақты шығармаларын оқып, жазып алып, алтын қазына әдебиетіміздің қорына қосқан әдебиетші, публицист, Сарыарқаның саңлақтары Орынбай, Арыстанбай, Жанақ ақындардың өлең-жырларын, Ақан Сері, Біржан сал секілді ән мен күй майталмандарының әсем әндерін тыңдап, санасына құйып өскен Шоқан қазақтың бағына біткен жарық жұлдызы.

Шоқан аз өмірінде халқының елдік қасиетін көтеріп, мәдениеті жоғары елдермен терезесі тең дәрежеге жетуін армандаған. Сонда жалғыз қазақ халқы емес, тарихы бір тамырлас, тілі де, діні де, ділі де бір Орта Азия халықтарын тұтас ойлайды, бірге өсіп, бірге дамуын ойлайды. Шоқанның Орта Азия мен Азия халықтарының тарихы мен географиясына арнап жазған ғылыми еңбектердің алғашқы іргетасын қаласқан географ, қазақтан шыққан тұңғыш суретші екені де әлем өнерпаздарына әйгілі.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi

Популярные вопросы