11. Шағын мәтінде есімдіктің қай түрінің кездеспейтінін анықтаңыз.
Біз Қазақстанға 1944 жылы Грузияның Түркияға шегаралас
қазақтардың ешқайсысы білмейтін Ахалкалак деген қаласынан
жер аударылғанбыз. Сонда ес біле қоймаған жас баламын.
Өзінің даласындай дарқан, пейілі кең қазақ халқы елге
келгендерді жақсы қарсы алды. Бір бөлмелі үйінің бір бұрышын,
екі бөлмелі үйінің бір бөлмесін босатып беріп, бүтінін бөліп,
жартысын жарып беріп, аман-есен бейбіт күнге жеткізді.
Осындай мейірбан халықты қайдан көрдіңіз?
А) Жіктеу есімдігі
B) Болымсыздық есімдігі
C) Сілтеу есімдігі
D) Өздік есімдігі
E) Жалпылау есімдігі