10-тапсырма. Төмендегі мәтіннің әсерін зертте. Жазушы көңіл күйінің табиғатпен байланысты екендігін талда. Табиғаттың мынадай уылжыған, тамаша, ал ертеңі одан да ғажап шағы менің де бойыма өлшеусіз жігер құйып, қуатымды тасқындатқан- дай. Өз бойымнан көптен бері байқалмаған алапат күш сезіндім: жан дүнием қазір жаңбыр шайып өткендей немесе анау бұлттардан біржо- да айығып келе жатқан аспандай таза. Сана-сезімім бұрауы келген домбыра ішегіндей болып, тиіп кетсе, әсерленіп, ән салып тұр. Осын- дай ғажайып, бақытты сәт – көптен күткен арманым емес пе еді...