10-тапсырма. Мәтінді оқы. Қою қаріппен берілген сөздер бойынша сөздікжұмысын жаса. Түсінгеніңді айт. Наурыз мейрамы біздің жыл санауымыздан бұрынғы VII ғасырда өмір сүрген Тұранның қағаны Алып Ер Тоңғаның заманынан бері тойлана
бастаған. Кейбір зерттеушілер бұл мерекенің 30 МЫҢ ЖЫЛДЫҚ тарихы бар
екенін айтады.
74 10-тақырып
Наурызды тойлауға екі рет тыйым салынған. Ислам діні енгеннен кейін
арабтар ескіден қалған мереке ретінде Наурызға тыйым салған. Алайда
көшпенділер оны тойлауын тоқтатпаған. Кейін 1926 жылы Кеңес өкіметінің
кезінде тыйым салынған. Соған қарамастан ауыл-ауылда Наурыз мерекесі
тойланып отырды. Бұл – халықтың салт-дәстүрін ешқандай заң жоя ал-
майтынын көрсетеді.