10. -тапсырма.
Берілген сөздерді пайдаланып, өз елің
туралы шағын әңгіме құра.
менді, саясат, экономика, бейбіт ел, мәртебе,
Болашақ ұрпақ, тәуелсіз, Қазақстан, еге-
әлемдік, Елбасы, Елорда, гүлдену, көркею.
не большой текст​

kkazyna kkazyna    1   05.04.2021 12:22    4

Ответы
lonelynightly lonelynightly  05.05.2021 12:23

ОбъМенің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан, яғни мен егеменді Қазақ елінің азаматымын. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.

Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан бейбіт елде тұрып жатқанымды мақтан етемін..

"Ер татулығы - ел татулығы" демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны мен мәртебесі бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.

Осындай кең байтақ жерде дүниеге келіп, батыр бабаларымыздың ұрпағы болғаным - мен үшін үлкен мақтаныш. Болашақта ер жетіп, Отанымның саясаты мен экономикасының дамуына бар күш - жігерімді арнағым келеді.

Сондықтан менің тілегім - еліміздің аспанында әрқашан бейбітшілік қыраны қалықтап, туған жеріміз одан әрі гүлденіп, көркейе берсін!

яснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi