10. Тіл туралы өлеңдерді авторымен сәйкестендір 1) М.Жұмабаев
а) Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім
2) Анна Ахматова ә) Ана тілім, жүрегісің анамның.
Жүрек-ана, мен өзіңнен жаралдым.
3) Ө.Ақыпбеков б) Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз бабам тілі сен қалдың
4) Н.Аитов в) И мы сохраним тебя, русская речь,
Великое русское слово.
5) М.Мақатаев г) Жақсы болу өзіңнен,
Жаман болу өзіңнен
А) 1-б; 2-в; 3-г; 4-ә; 5-а
В) 1-ә; 2-в; 3-б; 4-а; 5-г
С) 1-а; 2-б; 3-в; 4-ә; 5-г
D) 1-в; 2-а; 3-а; 4-б; 5-г
Е) 1-г; 2-а; 3-в; 4-ә; 5-б

11. Абай қанша жасында өлең шығара бастады?
А) 14
В) 15
С) 7
D) 8
Е) 12

12. Тәуелдік жалғаудың үшінші жағында тұрған көмекші есімді тап.
А) Мектептің іші
В) Мектепке келдім
С) Мектепте оқиды
D) Мектеп- білім ордасы
Е) Мектебім-мақтанышым

13. "Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасы мен баласын" мақалдан дерексіз зат есімді тап
А) тіл
В) жер
С) көк
D) ана
Е) бала

14. Күшейтпелі шырайы бар тіркесті тап?
А) өте жақсы
В) кең бөлме
С) әдемі қыз
D) ақшыл киім
Е) қысқа жіп

15. "Уақыт- саған берілген керемет сый" сөйлемдегі сын есімді анықтаңыз
А) керемет
В) уақыт
С) сый
D) берілген
Е) саған

16. Табыс септік жалғауындағы сөзді табыңыз
А) малды
В) барады
С) асыранды
D) ағызды
Е) оқыған-ды

17. Деректі зат есімді тап.
А) шашбау
В) шаттық
С) шындық
D) қайрат
Е) ар-ұят

18. "Сен де - бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!,"- деп жастарға өмірден өз орнын
табуды насихат еткен ақын кім?
А) А.Құнанбаев
В) А.Байтұрсынов
С) М.Жұмабаев
D) М.Мақатев
Е) Н.Аитов

19. Дөрекі сөздерді сыпайылап, басқа сөздермен ауыстырып жеткізуді не дейміз?
А) Эвфемизм
В) Дисфемизм
С) Көмекші сөздер
D) Зат есімдер
Е) Сын есімдер

20. Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Берілген өлеңнен жолдарындағы ілік септікте тұрған сөздерді анықтаңыз
А) бақ ардың, не бардың
В) сен қалдың
С) нұрлы жұлдыз
D) бабам тілі
Е) жауыз тағдыр

ruslankira11234 ruslankira11234    3   19.02.2021 14:14    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi