1) Журналист! Оның жүрмейтін жері, мінбейтін көлігі жоқ. Ұшақ, пойыз, арба, ат, тіпті жаяу да тартып отырады. Бойындағы бар қастерлі жүгі - блокноты мен қаламы немесе қарындашы. Құмда да, суда да болады. Аузы кеуіп, бірнеше күн ас ішпейтін кездері де болады. Таңертең отбасының қасында отырса, кешке мыңдаған километр қашықтықта жүреді. 2)Нағыз журналист адамдардың бойындағы асылды іздеуші, өмір тарихын зерттеуші, бүгінгі ұлы заманның шежіресін жазушы. Өмір жаңалығын алғаш қағаз бетіне түсіреді. Өмірге деген, асыл адамдарға, ол адамдардың жасампаз ісіне деген ғашықтық оны алыс сапарға сүйрейді. Ол халықты алаңдатқан, ауқымды мәселелерді мақала етіп жазады. Түн ұйқысын төрт бөліп, көз майын тауысып көп отырады.
3)Оны ешбір ауыр сапар, қиын жол қорқытпайды. Қайта, керісінше, қызықтырады. Көп жүріп, көп көрген сайын өмірдің алуан қырын анығырақ көреді. Өмірдің өзінен оқиды. Бұл Оның білімін, дүниетанымын кеңейтеді. Егер еңбекпен жинаған дәлелден, фактіден үлкен әңгіме немесе сыни мақала туса, жазғаны жақсы істің басы болса, көрген азабы әп-сәтте-ақ ұмыт болады! Журналист еңбегінің қызығы да, қиындығы да осында.
4)Осы қызықты көре алмаған журналист журналист емес. Журналист мамандығының ардақтылығы да көп дүниенің ішіндегі әлі көрінбей тұрған асылды аршып ала білуінде, соның дәнін, нәрін оқушы қауымға бере білуінде. Сөйтіп, жаңа бір рухани ізгіліктің көзін ашуда. Міне, сонда ол — нағыз өмір барлаушысы, білгір дәуір тамыршысы, сыншыл журналист.


1) Журналист! Оның жүрмейтін жері, мінбейтін көлігі жоқ. Ұшақ, пойыз, арба, ат, тіпті жаяу да тартып

09Катя99 09Катя99    1   21.12.2020 10:10    73

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi