1. «Жерұйық» фильмінің режиссері кім және фильмде қай ұлттың ауыр жағдайы көрсетілген? 2.Фильмге кімнің естеліктері арқау болады? 3. Кинода қазақ халқының қандай қасиеттері бейнеленген? 4. Орынбай деген кім? 5. Фильмде не бейнеленеді? Сламбек Тәуекелдің «Жерұйық» фильмі ұлы Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй: «Бауырым!» деп деген сөзімен басталады.Фильмге кішкентай кәріс баласы Сон Лаврентийдің естеліктері арқау болған. Кинода ХХ ғасырдың трагедиясы суреттеледі. Ұлы Отан соғысы жылдарында өз жерінен қуғындалып, Қазақстанға жер аударылып келген кәріс, неміс, түрік, шешен, күрд және басқа да ұлттардың ауыр жағдайы бейнеленген.
Ашаршылық, саяси қуғын-сүргін көрген халықтың бастан кешкен қиыншылықтары суреттеледі.Үйсіз қалған босқындарды қазақ халқы жылатпайды, бауырына тартады.Мыңдаған жанды ажалдан аман алып қалады. Олармен бір үзім нанын бөліп жейді. Жанашырлық көрсетеді. Кинода бүгінгі Қазақстан халқының татулық пен ынтымақтастығының бастауы көрсетілген.
Фильмнің басты кейіпкері Орынбай – өмірде болған адам. Ол – парасатты қазақ азаматының типтік бейнесі. Барша қазақ халқының бауырмалдығы, жомарттығы, адалдығы осы бейне арқылы көрінеді. Рөлді белгілі актер Болат Әбділманов шеберлікпен сомдаған.
Бұл фильм – қазір Қазақстанда бақытты өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің қазақ халқына деген шынайы алғысының белгісі.

Mystery322 Mystery322    3   02.12.2020 12:49    57

Ответы
херфигзнает херфигзнает  02.12.2020 12:50

....................


1. «Жерұйық» фильмінің режиссері кім және фильмде қай ұлттың ауыр жағдайы көрсетілген? 2.Фильмге кім
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi