1-жаттығу. Бастауыштың астын сызып көшіріп жазыңдар. Ол енді көпшілікке ұғымды әңгіме сөйледі. Ол машинаның тетігін кез келген жан біле бірмейді. Бұл расын айтты. Бұл дауыс та маған көптен таныс. Қара сақал – белгілі Уәли деген шопан. Ертең машина жібертем. Машина ызғыта жөнелді.
2-жаттығу.Мына сөздерді бастауыш етіп сөйлем құраңдар.
Абай, «Ботагөз» романы, оқиға, ақыл, біз, жиырма, үйрену, үлкен, Алматы, «Сырымбет», Құрманғазы, спорт.
3-жаттығу.Мәтінді көшіріп жазып, баяндауыштардың астын сызып жаз.
Әр ана өз баласының өнерлі ісін мақтан етеді. Сенің бірінші тәрбиеші ұстазың – сол ана. Жамал бүгін Жарқынның жаңа мамандыққа жолдама алып келгеніне қуанып еді. Көз алдында есейген, ер жеткен адам тұр. Баласының сөздері де сабырлы. Өзі кәдімгі тәрбиеші сияқты. Бойы да таралып өскендей. Училище нағыз адамдарды тәрбиелеген!
4-жаттығу. Мына сөздерді пайдаланып сөйлем құрастырыңдар.
Баспа, ағайын, қуанды, айта салды, қайта тұрды, шықты, отырды, таратыпты, оқушы, оқыды, жаз, құс, дала, тұр, атып тұрды, шықты, отырды, мен, тапсырған екен, тыңдап қалды.