1. Жан қиы дос болсаң, Сыйласумен жүрерсің.
Шашылып жатса сыртынан,
Жинасумен жүрерсің.
Ұзатпай хал сұрасып,
Жақындасып жүрерсің.
Жақсы, жаман іс болса,
Ақылдасып жүрерсің.
Кемісі болса кешіріп,
Татуласып жүрерсің.
Сырттан айтқан сәлемін
Мақұлдасып жүрерсің...
2. Дос емес, достың сөзін бөтен десе,
Достықтан бір өкпемен кетем десе.
Арадан достық не ғып табылады,
Саған да бір іс тауып етем десе.
Дос емес, достың сөзін көтермесе,
Салған жерден түбіңе жетем десе.
Не қылып дос атына қосылады,
Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.
Нағыз дос бір-біріне тарылмайды,
Жуырда түрткеніне жарылмайды.
Жақсы-жаман айтты деп елемейді,
Бақ-дәулет сол адамнан айырылмайды.
Нағыз дос бірін-бірі жамандамас,
Араға көп өкпе сап табандамас.
Көңілі татулықты іздеп тұрар,
Жөніне татулықтың шабандамас.
(Серәлі Еруəліцлы.
«Бес ғасыр жырлайды» )
Болмашыға сыр берсе,
Бұқаша көз сүзерсің.
Ақырында айтысып,
Достан күдер үзерсің.
(Құлан Алдабергенұлы.
«Бес ғасыр жырлайды» )​

helppliz4 helppliz4    2   16.11.2020 10:55    1

Ответы
alkamilk alkamilk  16.12.2020 10:56

Объяснение:Өмірде достық маңызды рөл атқарады.Ал осы достыққа берік болу керек.Достықты бұзып алмау үшін бір-бірінің айтқанын тыңдап жауаптары бір болу керек.Сөзжі көтеру керек.Егерде Досыңмен ренжісіп қалсаң не болса соны айтпау керек,өйткені ерте болсын кеш болсын достасасың.Достық бұл оңай зат емес.Ең бастысы нағыз дос табу оңай емес!!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi