1- Задание. Прочитай внимательно текст . Озаглавь его! Составь три вопроса к тексту! Менің елім – менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір азамат асқақ сезіммен, мақтанышпен айталады, өйткені біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен, ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп, мекен етіп, береке-бірлікте, достық қарым-қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Біз бақытты ұрпақпыз! Себебі, ата-бабаларымыз қанып-төгіп, жанын беріп аңсап кеткен.Біз Тәуелсіздікке қол жеткізіп, ешкімге тәуелді болмай, еркін өмір сүріп келеміз. Екі жүз жылдық жонғар – қазақ тартысында Абылай хан сияқты жандар, Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді билер, Қабанбай, Бөгенбай батырлар өз жерін ерлікпен қорғады. Отан! Бұл сөз біздің қай-қайсымыз үшін де айрықша ыстық. Отан – кіндік кескен жеріміз ғана емес, баршамыздың кең, байтақ, ғажайып өлкеміз. Біздің өлкеміз – туысқандық салтанат құрған еркін Халықтардың елі, сондықтан мен өз өлкемді шексіз сүйіп мақтан етемін! Мен ойлаймын, егер әр адам ата-анасын құрмет етсе, өзінің өскен жерін, туыстарын сыйласа, туған ұлтын қадірлесе, сол адам нағыз Отанымыздың патриоты болады. Отанын сүю, қорғау – әрбір азаматтың қасиетті парыз, адамдық борышы. 2-тапсырма. Отан деген не? ответь на вопрос! Заполни диаграмму!