1. «Қыз Жыбек» жырының негізгі идеясын анықтаңыз? А. Сұлулықты дәріптеу

В. Елі мен жерін жаудан қорғау

С. Сүйіспеншілік пен адалдық

Д. Әлеуметтік теңсіщдікті сынау

2. Өлең жолдары қай кейіпкерге тән?

« Жылаймын мен дағы,

Өзіңнің де, көкежан,

Қөзіңнің жасын тый деді,

Жылап отыр ата-анаң

Сапарыңды қи» деді...

А. Базарбай

В. Жібек

С. Қаршыға

Д. Сансызбай

3. «Еңсегей бойлы Ер Есім» деп жырлаған жырау кім?

А. Жиембет

В. Қазтуған

С. Бұқар жырау

Д. Асанқайғы

4. «...Елі жұртын көбейтті

Алдындағы қағанның

Жерін әәбден күшейтті» бұл Күлтегіннің қай кездегі бейнесі?

А. Ер атанған 16 жас

В. 30 жас кезі

С. 21 жастағы кезі

Д. 27 жастағы ерлігі

5. Менің ер екенімді көргенсің,

Әуелден бірге жүргенсің

Дегенімді қылғансың

Қайратымды білгенсің:- деген өлең жолдары кімге арналған?

А. Есім хан

В. Жиембент

С. Күлтегін

Д. Қазтуған

6. Менің бүйтып қозғалақтан жүргенім

Ауызы түкті кәпірдің

Күшті болған салдары-ай!...

Қайта келер деймісің

Мұсылманның баяғы

Шыңғыстан қалған хандары-ай!...- деген шумақтағы автордың ойын өз ойыңызбен өрбітіңіз (3-4 сөйлем)

7.Жиембет жырау толғауларындағы «Ат құйрығын кесермін, Ат сауырып берермін» деген ұғымдағы мағынасын қалай түсіндіңіз? Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз (3-4 сөйлем)

8. «Ісін-күшін беріп, осынша ел жииып,

Інім Күлтегін өзі қайтыс болды» жыры әрі қарай жалғасуы мүмкін? Өз болжамыңызды жазыңыз (3-4 сөйлем арқылы жеткізіңіз)

9. Жұмыскерің мен едім

Сатып алған құлыңдай

Жүруші едім араңда

Өзіңнің інің мен ұлыңдай – деген өлеңінде Қазтуған жырау нені меңзеп тұр? Өз көзқарасыңызды білдіріңіз (3-4 сөйлем)

10. «Қыз Жыбек» жырында кездесетін қазақ халқына тән салт- дәстүрлер мен әдет- ғұрыптар және олардың бүгінгі күнде қолданылуы туралы пікірімізді білдірейік. (3-4 сөйлем)

11. Айдаса- қойдың косемі,

Сөйлесе- тілдің шешені,

Арғымағын жаз жіберіп, күз мінген, Күз жіберіп, жаз мінген,

Жазаласа- екі жылда бір мінген, Жолдасын жолай іздеген,

Өзіне тиген дұшпанын

Қарт бурадай тіздеген-

Мен –Қағабойлы Қазтуған кейіпкердің портреттік суреттемесінен қандай құңдылықтар байқадыңыз? Өз ойыңызбен жазыңыз.

валера344 валера344    2   30.10.2020 13:13    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi