1. Ұяң дыбыстардың қатарын көрсетіңіз. A) м, д, з.
B) р,х, з.
C) б, ж, д.
D) с, д, х.
E) ғ, т, л.
2. Көмекші сөзді тіркесті табыңыз.
A) Жазамын.
B) Ермек үшін.
C) Келді.
D) Сиыршы.
E) Әке.
3. Болжалдық сан есімді табыңыз.
A) Он бүтін бестен бір.
B) Тоғызыншы.
C) Алтау.
D) Сегіздерде.
E) Жетпіс бес.
4. Автор сөзіне тән анықтаманы белгілеңіз.
A) Біреудің сөзінің мазмұны.
B) Екі адамның сөйлескен сөзі.
C) Қанатты сөз.
D) Біреудің айтқан нақты сөзі.
E) Біреудің сөзін жеткізушінің сөзі.
5. Омоним болатын сөзді табыңыз.
A) Балшық.
B) Он бес.
C) Мұғалім.
D) Ауыз.
E) Сау.
6. Күрделі сын есімді табыңыз.
A) Мерекеге ұласу .
B) Өнерлеріне разы.
C) Басынан таяқ арылмау.
D) Бидай өңді.
E) Егінді күту.
7. Үстеуден жасалып тұрған туынды үстеуді табыңыз.
A) Соншалық.
B) Баяу.
C) Сеніңше.
D) Қазақша.
E) Бұлбұлдайын.
8. Қате қойылған тыныс белгісін анықтаңыз.
A) Мектепке қарай бар.
B) Сен-ақ ала бердің.
C) Сен түгіл өзіне қимайды.
D) Ол кінәні өзінен іздейтін-ді.
E) Аз-ба, көп-пе.
9. Тұрақты тіркесті табыңыз.
A) Тонның ішкі бауындай.
B) Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.
C) Адал достық алтыннан қымбат.
D) Олақтан салақ жаман.
E) Өнерлі өрге жүзер.
10. Бастауыштың қимыл әрекетін білдіріп, онымен қиыса байланысатын сөйлем мүшесін табыңыз.
A) Пысықтауыш.
B) Анықтауыш.
C) Толықтауыш.
D) Айқындауыш.
E) Баяндауыш.
11. Қай сөйлемде тыныс белгілері дұрыс белгіленген, көрсетіңіз.
A) Биік мансап - биік жартас - дейді Абай.
B) "Биік мансап - биік жартас", - дейді Абай.
C) Биік мансап, биік жартас, - дейді Абай.
D) "Биік мансап, биік жартас", - дейді Абай.
E) "Биік мансап, биік жартас" - дейді Абай.
12. Басқа тілден енген сөздер қатарын табыңыз.
A) Ауыл, дәптер, қорамса.
B) Тергеуші, өсімдік, қағаз.
C) Геометрия, телефон, ұстаз.
D) Қайшы, хат, пышақ.
E) Өзен, дос, барымта.
13. Келіс (сөз), шаң (сорғыш) - қандай тұлғада жазылатынын көрсетіңіз.
A) Қос сөз түрінде.
B) Туынды сөз түрінде.
C) Қысқарған сөз түрінде.
D) Бөлек.
E) Біріккен сөз түрінде.
14. Көмекші етістікпен келген еліктеуішті табыңыз.
A) Құрт-құмырсқа көп.
B) Үйді-үйімізге тараймыз.
C) Алба-жұлба.
D) Жалп-жалп етті.
E) Анда-санда келіп тұр.​

nicgames nicgames    2   11.06.2021 10:25    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi