1. Туынды үстеуді көрсетіңіз. А) Әдейі бардым.
В) Ертең келеді.
С) Әрең жүрді.
Д) Жылдамырақ жүр.
Е) Талай жүрген жерім.
2. Мақсат үстеуді табыңыз.
А) әлгінде, емін-еркін
В) орасан, әжептәуір
С) жорта, әдейі
Д) тысқары, мұнда
Е) амалсыздан, бекерге
3. «Тым, ең, кілең» үстеулері мағына жағынан қай үстеу түріне жатады?
А) мекен үстеуі
В) мезгіл үстеуі
С) күшейткіш үстеуі
Д) мақсат үстеуі
Е) себеп-салдар үстеуі
4. Туынды үстеуді тап.
А. Көрген, білген
В.Балалар, құстар
С.Сақ, ұқыпты.
Д. Арыстанша, құсша.
Е. Біз, сіз.
5. Мезгіл үстеумен тіркескен тіркесті тап.
А) Ежелден таныс.
В) Тауып алды.
С) Отыз адам.
Д) Жаңа киім.
Е) Жақсы белгі.