1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 2-бөлім «Көшпенділер мәдениеті. Интонация. Логикалық екпін» Сыныбы: 2021 жыл. Оқуигун чң аты-жөні: Оқу мақсаты: 7.1.3.1 - тыңдаль мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу. 7.3.1.1 -әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру. Бағалау критерийі: Білім алушы – тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, ұсынылған ақпарат бойынша фактi мен көзқарасты ажырата біледі; - әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құрады. Ойлау дағдыларының деңгейі: Орындау уақыты : жоғары деңгей дағдылары 15-20 минут 1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз, мәтінде не туралы айтылғанын 3 сөйлемммен жазыңыз, Ұсынылған ақпарат бойынша фактi мен көзқарасты жазыңыз. Тыңдалым мәтіні. Көшпелілер немесе көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз - негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси қауымдастығы және өркениеті. Көшпелілер туралы түсінік, алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың тел баласы сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық-сұмдықтан, отырықшы- қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып көрінді. Көшпелілер туралы нашар түсініктер де сол ерте заманда-ақ қалыптасты. Көне Қытайда «көшпелілер жабайы, мәдениеттің қас жауы» деген түсінік қалыптасты. Еуропада да көшпелі ғұндарды «тағы жабайылардың тұқымы, өркениеттің жауы» деп есептеді. XVII—XIX ғасырлардағы Еуропа ғалымдары да көшпелілер туралы өз көзқарастарын білдіріп отырды. Мысалы, Монтескье кошпелілер қогамын «әділетті, теңдікті қоғам» десе, Фергюсон, Адам Смит: «Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда болды», — деген. Көшпелі қоғамды зерттеуде қоршаған орта (табиғат) және адамның белсенді іс-әрекет мәселесі жиі қозгалып отырды. Олардың пікірі бойынша, далалы, шөлейтті, шөлді, таулы аймақтарды жайлаған халықтарда табиғат жағдайына қарай мал шаруашылығы, көшпелілік қалыптасқан. Осындай халықтардың бірі қазақ халқы далалы, шөлейтті аймақты игерудің бірден-бір жолы мал шаруашылығы деп білген және осындай табиғи жағдайға икемделе өмір сүрудің тамаша үлгісін көрсеткен. 1-сөйлем: 2-сөйлем: 3-сөйлем ❤

мага398 мага398    1   17.10.2021 02:44    0

Ответы
lololokgjh lololokgjh  30.11.2021 01:16

1 сөйлем: көшпелі адамдар әр жерге көшіп ауа райын болжап білген

2 сөйлем "Ата қоныс" ұғымы көшпенділер үшін қасиетті болған.

3сөйлем: көшпелілер ауа райын білгендіктен қай жер қолайлы қай жер жақсы соны біліп отырған.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi