1 Тек жіңішке дауысты дыбыстардан тұратын сөздерді көрсет.
А) қазір, осында В) орташа, уақыт Г) дәулет, ине Д) қар, қуаныш
2 Қатаң дыбыстары бар сөзді тап. А) із В) біз Г) лаң Д қыс
3 Ашық-тұйық-бітеу буынды сөзді ажырат.
А) қатысқан В) туысқан Г) жиналыс Д) қиылыс
4 Дара түбірді анықта. А) мәдениет сарайы В) ата-ана Г) кестеде Д) ЖМК
5 Болымсыз етістіктің жұрнағын белгіле.
А) –сыз,-сіз В) –лас,-лес Г) –ла,-ле Д) –ма,-ме,-па,-пе
6 «Балбырауын», «Адай» күйлерінің авторын анықта.
А) Құрманғазы Сағырбаев В) Шәмші Қалдаяқов
Г) Дина Нұрпейісова Д) Абай Құнанбайұлы
7 Мақалды толықтыр. «... өмір – сөнген көмір.»
А) еңбексіз В) сенсіз Г) бақытсыз Д) ақшасыз
8 «герой» сөзінің аудармасын белгіле.
А) ерлік В) қаһарман Г) перизат Д) дарын
9 Буын үндестігіне бағынбай жалғанатын қосымшаны тап.
А) –лар В) –нікі Г) –пан Д) – дан
10 Зат есімді ажырат. А) қуырып В) қуыр Г) қуырдақ Д) қуырған
11 Сөйлемді сын есіммен толықтыр. «Мақал-мәтелдер біздің халық ауыз
әдебиетінің ұрпаққа қалдырған ... байлығы»
А) тұңғыш В) мұра Г) көркемдік Д) рухани
12 Күрделі сан есімді көрсет. А) жетпіс тоғыз В) алтау Г) мың Д) қырық
13 Болымсыздық есімдігін тап.
А) әрне, қайбір В) ешкім, ешқайсысы Г) өзің, өздері Д) бірдеме, біреу
14 ІІ жақта көпше түрде жіктелген етістікті көрсет.
А) барайық В) барыңыз Г) барыңдар Д) барамыз
15 Септеулік шылауды анықта. А) ба В) де Г) түгел Д) дейін
16 Күрделі бастауышты белгіле.
А) Күн жылынды. В) Өтеген он төрт жаста.
Г) Оқушылар мектептен қайтты. Д) Астана қаласы – Қазақстанның бас қаласы.
17 Тұрлаусыз мүшелердің болу-болмауына қарай жай сөйлемдердің бөлінуін ажырат.
А) жалаң, жайылма В) толымды, толымсыз Г) жай, құрмалас Д) жақты, жақсыз
18 Қыстырма сөзді тап.
А) Мүмкін, біз бүгін кездесуге барармыз. В) Аға, мынау кешегі айтқан іс пе?
Г) Қап, әттеген-ай, пойызға үлгермей қалдық. Д) Кел, балалар, оқылық.
19 Көктемде ауа райы қандай болатынын көрсет.
А) жауын-шашынды, жылы В) суық, желсіз, құрғақ Г) ыстық, желді Д) аяз, ашық
20 Тек үнді дауыссыздан құралған сөзді ажырат. Мейрам кешке келуі қажет.
А) Мейрам В) кешке Г) келуі Д) қажет
1 г
2 д
3 а
4 в
5 д
6 Құрманғазы,Д Нүрпейісова
7 а
8 в
9 в
10 г
11 в
12 а
13 в
14 г
15 в
16 г
17 а
18 г
20 а