1-тапсырма
мәтінді оқыңыз. эйнштейн және гетенің уақыт туралы ойларымен келісесіз бе? неге?
уақытты үнемдеуге арналған ұсыныстарды толықтырыңыз.
сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың
бірде «мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы», - деп көз ілмек болған эйнштейнді қызметшісі
біраз тынығып алсыншы деп, бір сағаттан кейін оятыпты. тұра сала жалма-жан сағатқа қараған
ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «жарты сағат уақытымды
қайтарып беріңіз онда! » деген екен. сол сияқты «ұрланған заттың орнын басқа затпен толтыруға
болады, ал ұрланған уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың» деген екен немістің ұлы
ақыны гете.
уақытты үнемдеуге арналған ұсыныстар
1. істелуге тиісті маңызды істердің тізімін жасаңыз.
2. ға мейірімді, бірақ уақытты жұмсауға сараң болыңыз.
3. бір жұмысты бітіріп, содан кейін ғана келесісіне көшіңіз.
4. онша маңызды емес әңгімені кейінге қалдырыңыз.
5. сіз айналысуға тиіс емес жұмыс болса, оны істеуден бас тартыңыз.
6. табанды болыңыз. басқалардың сіздің уақытыңызды алуына жол бермеңіз.
7. жұмысты бітіретін мерзімді өз күшіңіз бен мүмкіндігіңізге қарап белгілеңіз. өте қысқа
уақыттың ішінде бітіремін деп орындалмайтын уәде беруден аулақ болыңыз​

lineage29201682 lineage29201682    3   17.10.2019 13:59    52

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi