(1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.)
Дәстүрлі қазақ отбасында ата-баба тәрбиесі ерекше. Қазақ отбасында балаға
туыстарын, нағашыларын, ата-бабаларын, үлкен аталарын, жеті атасын айтып
отырады. Бұл баланы өскенде өз туыстарын жақсы білуге, сыйлауға үйретеді. Жеті
атаны үйрету – әр ата-ананың басты борышы. Өзін, әкесін, атасын, бабасын және одан
арғы ата-бабасының есімдерін білу – жеті атаны білу. Әкесі, атасы, балаға тек жеті
атасына дейінгі аралықтағы аталарының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай
адам болғанын, елі үшін жасаған ерліктерін, өнегелі істерін де айтып отырған. Сол
арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көздеген.
Қазақ отбасында ата-әжені, әке-шешені ерекше құрметтеген. Ұл-қыздары ата-
аналарын қартайғанда қамқорлыққа алған. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне
қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайғанда баққан.
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі.
Ананың орны да
ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды, құрметтейді.
Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі. Тұрмысқа шыққан
қыздарына жасау береді.
Кестедегі ақпараттардың «шын, жалған» екенін белгілеңіз.​

viktoriya212 viktoriya212    3   18.02.2020 23:20    16

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi