1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Бір қалада әйгілі ұстаз өмір сүріпті, оның шәкірттері көп болған екен. Бір күні сол
шәкірттердің бірі: «Осы біздің ұстазымыздың жауап бере алмайтын сұрағы бар ма екен?»
деп ойланып қалды. Ол гүлденіп тұрған шалғынға барды ең әдемі көбелекті ұстап алды
және оны ең алақанының арасына тығып ұстады. Ол ұстазға келді де, сұрады. - Менің
қолымда қандай көбелек бар, ол тірі ме әлде өлі ме екенін айтыңызшы? Ол көбелекті
жұмылған алақандарында қысып ұстап тұрды. Егер ұстазы тірі көбелек десе көбелекті
өлтіре салуға дайын тұр еді. Ұстаз оқушының қолына қарамай-ақ жауап берді.
Шәкірт не себепті ұстазын сынамақ болды деп ойлайсыз?
Оқиғаны дамытып, ойды жалғастырыңыз.
Ұстаз шәкіртіне қандай жауап қайтаруы мүмкін?