1-тапсырма. Жазылым
1.Берілген сөздерге етістіктің шақтары мен райларын пайдаланып 3 сөйлем құрастыр.
Қажетті сөздер: қария, химия, сәулет, әдемі, жаңа, заттар, газеттер,сөйледі
2.Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талда.
Қазір көптеген электрондық, мультимедиялық оқулықтар бар.
Олар – ақпараттық технологияның жетістіктері.

3.Берілген сөздердің аудармасын жаз.
современная технология
выставка
учёный
проводить исследование
был против
оружие
удовлетворенный тапсырма. Берілген мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырманы орындаңыз.
Оқылым
Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы “Сасықкөл” деген жерде туған. Бала кезінен өте зерек болып, төрт жасынан хат таниды. Ауыл мұғалімінен сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды. Мұнда ол шығыс тілдерін үйренеді, сол тілдердегіәдебиеттердегі ден қояды. Шығыс әдебиетімен танысады. Қолына түсен қисса- дастандарды оқиды. Ақын Шығыс әдебиетінің даналары- Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Хайямның дастандарын түпнұсқаданоқып- үйренеді. Мағжан Абайдың 1909 жылы Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, сусындайды. Ақын мұнан әрі білімін Уфадағы “Ғалия” медресесінде жалғастырады. Мағжан өлеңдері тұңғыш рет Қазанда Кәрімовтар баспаханасынан басылып шығады. Бұған қол ұшын бергенұстазы - Ғалымжан Ибрагимов.Мағжан Омбыдағы оқытушылар семинариясына оқуға түсіп, алтын медальмен бітіреді. Мағжан ана тілінің мол байлығын бойына барынша сіңірген, орыс тілін де жетік білген. Ол Пушкин, Лермонтов, Горький,Байрон, Гете тағы да басқа ақын-жазушылардың шығармаларымен танысып, таңдаулы туындыларын ана тілімізге аударды. Мағжан –лирик, сыршыл ақын. Ақын лирикасының тақырыптары сан алуан: туған жер, атамекен, халық тағдыры, адамгершілік, шынайы махаббат және т.б. Мағжан - эпик ақын. Оның қаламынан “Батыр Баян”, “Қорқыт”,“Жүсіп хан” сияқты поэмалар туған. “Батыр Баян” поэмасында жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген.
Мағжан Жұмабаев - көрнекті жазушы, ақын, публицист.
 Мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз

1. Мағжан Жұмабаев Шығыс әдебиетінің қай даналарының дастандарын
оқыды?
а) Фирдоуси в) Сағди
с) Омар Хайям д) барлығы дұрыс
2. Ақын лирикасының тақырыбын көрсет.
а) туған жер в) соғыс
с) өмір шындығы д) достық
3. Мәтіндегі ақынның поэмалар санын көрсет.
а) 2 в) 3 с) 4 д) 5
4. Ақын қай орыс жазушысының шығармасын қазақ тіліне аударған?
а) Л.Н. Толстой в) М.Ю. Лермонтов
с) К.Г. Паустовский д) М.Горький заранее

Крутая195023 Крутая195023    2   11.05.2020 13:00    12

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi