1-тапсырма. Үзіндіден мәтелді табыңдар.
Барын жоқ деп құрынған,
Жұлдызды жатқа санасақ.
Қисап етіп қарасақ.
«Мың асқанға бір тосқан»
Бар емес пе еді бұрыннан.

2-тапсырма.Қазақ тіліне енген төмендегі сөздердің орыс тіліндегі баламасын атаңдар.
Самаурын, жәшік, кәрзеңке, кереует, сөмке, тәрелке, стақан, шәйнек.

3-тапсырма. Мына үзіндіден көнерген сөзді тауып, көнерген сөздің қай түріне жататанын айтыңдар.
Айтулы ерлер бар екен,
Жүйріктері баптаулы.
Найзалары саптаулы.
Дұшпанға атар жебесі,
Қорамсақпен қаптаулы.

4-тапсырма. Үзіндіден кірме сөзді табыңдар.
Дастарқан жайып құрметтеп,
Төкті түрлі жемісті.
Жез самаурын қайнаулы,
Союға бағлан байлаулы.

5-тапсырма.“Сөздер сөйлейді” стратегиясы.
Сөздердің мағынасын ашыңдар.
Лексика, архаизм, историзм, неологизм, мақал, мәтел, ертегі, жаңылтпаш, жұмбақ.

6-тапсырма. Сөздердің баламасын табыңдар.
Таможня
Самолет
Реклама
Станция
Пенсия
Парк
Архитектура

оаилпаидшп оаилпаидшп    1   25.11.2020 12:59    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi