1-тапсырма Тірек сызба арқылы толтырыңыз.

Баламалы энергия көздері

2-тапсырма
Әлемде көптеген елдер энергетикалық дағдарыстан шығу үшін балама энергияны пайдаланады.АҚШ,Канада,Англия,Жапон елдері балама энергияны пайдаланады.
Күн энергиясы- дәстүрлі емесэнергияның бір түрі.Оны пайдалану кездейсоқ емес. Күн энергиясы бітпейді әрі экологияға қатер келтірмейді. Сондықтан бұл жаңашыл идеяның болашағы үлкен. Күн- Жердегі тіршіліктің болуына,өзендердің ағуына,желдің соғуына,өсімдіктің өсуіне тікелей әсер ететін бірден бір энергия көзі. Мұнай,газ,көмір де Күннің арқасында пайда болған.
Біздің елімізде балама энергияны пайдалану кең тараған жоқ.

3-тапсырма
Мәтін бойынша кестені толтыр.

Мәселенің туындау себебі -
Көтерілген мәселенің салдары -
Мәселені шешу жолдары -

Еліктеу сөздер — табиғат құбылыстары мен жан-жануарларда болатын әр алуан дыбыстарға және олардың сын-сипат, қимыл-әрекеттеріне еліктеуден туған сөздер. Қазақ тілінде еліктеу сөздердің екі түрі бар:

1) еліктеу есту қабілеті арқылы пайда болған еліктеуіш сөздер: тарс-тарс, салдыр-гүлдір, дыр-дыр, гүрс, шолп;
2) еліктеу көру қабілеті арқылы пайда болған бейнелеуіш сөздер: жалт, жарқ, лып, маймақ, көлбең. ербең-ербең.

4-тапсырма
Еліктеу сөздерді тауып сыз.
Бір кезде үйде жарық жалп етті.Мен шыққанда есік тарс етті. Таңертең сағат шыр етті. Даладан мәшине гүр етті. Ол қисаң - қисаң етіп келеді.

5-тапсырма
Берілген еліктеу сөздерді мағынасына қарай екі бағанға толтырыңыз.

Сарт етеді,арс-арс етеді,қиқаң -қиқаң етеді,пыр- пыр етті,жалт- жұлт етті,тырс- тырс етті,жалт қарады,санқ етті.

Еліктеуіш Бейнелеуіш

AnnaIzotova53 AnnaIzotova53    3   21.10.2020 11:19    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi