1-тапсырма. Төмендегі сөздерге есімше,көсемшенің жұрнақтары жалғанған, соларды ажыратып жаз. Есімшені бір бөлек, көсемшені бір бөлек жаз. Оқыған,көретін,барар,алып,естігелі, айтатын, барады, салған, айтқан, ішіп, ілініп, ойнар,айтқалы, тілініп, көрсетер.
2-тапсырма. Тұйық етістікке бес мысал келтір, келтірілген мысалды пайдаланып, бес сөйлем жаз.
3-тапсырма. "Сүйіспеншілік" сөзіне фонетикалық талдау жаса.