1-тапсырма. Төмендегі сұрақтар арқылы тақырыпқа қатысты болжаңыз.
1. Неліктен 1 наурыз «Алғыс айту» күні болып белгіленді?
2. Бұл күні қандай тарихи оқиғаларды еске аламыз?
3. Тағдыр тәлкегі дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Жер аударылып келген, қазіргі уақыттағы тіл жанашыры болып жүрген, өзге ұлт өкілін білесіңдер ме?
2- тапсырма. Еліктеу сөздерді тауып, жасалу жолдарын түсіндіріңдер. Мағынасына, тұлғасы мен құрамына қарай талдаңдар.
...Тасты жерде сатырлап шапқан көп аттың сарыны мен ағаш даусы да естілгендей болды... Тысқа шыққан ер-азамат қарбаласып, сарт-сарт етіп аттарына мініп жатты. Жылқы жақтан шыққан сатыр-сұтырды естіген ат-айғырлар кермеде тықыршық атып, шыдай алмай тұр еді... Бала-шаға, қыз-келіншек жүрегі қалтырап, қорыққандай дірілдеп, біріне-бірі тығылып, топ танып жүр... Алыстағы көп сарынның ішінде екі-үш рет атылған мылтық даусы да тарс-тарс етіп естіліп қалды... (Мұхтар Әуезов)
Дескриптор:
1.Еліктеу сөздердің түрлерін ажыратады;
2.Еліктеу сөздердің ережесін шығарады.