1-тапсырма. Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [5] Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Айнаш Асанды да үйіне алып жүрді. В) Қызыл жүзді, жирен сақалды Беріктің денесі ірі, қапсадай.
С) Бұйралау, ұзын, сары сақалы бар, қызыл жүзді сұлу адам екен. Д) Жұрт үндемей қалды. Е) Құнанбай жататын үлкен бөлме. 
Есімшеден жасалған бастауышты табыңыз.
А) Ербол қыстауды әлі таба алмай келеді. В) Жақсы – ісімен жақсы. С) Жығылған күреске тоймайды. Д) Басында құндыздаған қара пұшпақ бөрік. Е) Жаңа ғана жаққан ағаштың иісі мұрынды жарып барады. 
Күрделі анықтауышты табыңыз.
А) Аласа үйден түтін шығып жатыр. В) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. С) Біраздан кейін іштен қара торы жігіт шықты. Д) Далада кішкентай балалар ойнап жүр. Е) Шалғай ауылдарда жарық сөніп қалды.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табыңыз.
А) есім сөздер В) бастауыш, баяндауыш С) толықтауыш, пысықтауыш Д) одағай, шылау Е) анықтауыш, қыстырма сөздер
Сілтеу есімдігінен жасалған баяндауышты көрсетіңіз.
А) Бі үшеуіміз мәселені дұрыс шештік. В) Ақ бесті қара қасқадан сытылып шықты. С) Мен сізден осыны сұрағалы отырмын. Д) Ауылдың маңы – терең сай. Е) Сұрап отырғаны – осы.​

ДАШУНЯ1311 ДАШУНЯ1311    1   23.02.2021 14:48    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi