1-тапсырма. Төменде берілген ұлы ғұламалардың ой-тұжырымдарын оқып, бақытты адамның жан-дүниесінің толғанысы мен тебіренісін сипаттап,
«мұрат», «мақсат» ұғымдарымен байланыстырып, ой-пікірлерімен
бөлісіңдер.
Әл-Фараби: «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез
-құлыққа байланысты».
Әл-Ғазали: «Адамның бақытының өлшемі көңілің қалаған, өзің ұмтылған
мақсатыңнан алған жан рахатының ләззәті. Ондай бақытқа бөлініп, ләззәтті
алудың басты кепілі - ниет, пиғыл, мақсат».