1 -Тапсырма СОРОК МИНУТ Мәтінді оқыңыз. Жанрын анықтаңыз. Жанрына сай 2 ерекшелікті анықтаңыз.
Хан-сұлтанның қарулы әскеріне қарсы соғыста Исатай оққа ұшып, Мақамбеттің жалғыздық зарын шеккеніне – сегіз жыл да үш ай. Ұзақ уақыттың ішінде жасаған сансыз жорығы, шабуылы, қырғыны ойына оралды. Қапы қалған, қапия кеткен жері көп екен. Қарулы қолға төтеп бере алмау шарасыздық болса, хан баласынан ұқсатып кек ала білмеу өкініш. Өзек өртейтін, бармақ шайнататын өкініш. О баста Исатай батырдың сенгіштігінен Жәңгір ханға он күн мәулет беріп, сазға бір отырса, бертінде ауыл ағасы, ру басыларының солқылдақтығынан Баймағамбет сұлтанның басын шаба алмай қайтуы – қияметтік қапиялық. Қара шұбар жыланның құйрығын басып, басын жаншымай кеткені – енді өзінің басын мың мәнетке тіктіріп отыр. Исатайсыз бастаған ереуілі, көтерілісі жеңіліс тауып сергелдеңге түскелі бері Мақамбеттің бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Енді ойласа, үркердей бір шоқ жолдаспен Хиуаға аууы құр далбаса екен. Хан атаулының көздейтіні – өзінің тағын сақтау. Тағына қатер төнбейінше батыл қимылға бармақ емес. Қалтаңнан тіллә, халқыңнан зекет дәмететін Хиуа ханынан да, соған паналаған қазақтың бұлаң құйрық бай-батшаларынан да Мақамбеттің түңіліп қайтуында тіл жеткісіз тұңғиық сыр жатыр.
Мәтін жанры
Жанрға тән 1.
2.
Дескриптор
- мәтіннің жанрын анықтайды;
- мәтіннен жанрға тән 3 ерекшелікті анықтайды.