1-тапсырма. Шығарманы түсініп оқып, кейіпкерге берілген автор мінездемесін табыңыз. Мәтін бойынша кестені толтырыңыз. Кейіпкердің түр-сипатын, іс-әрекетін анықтаңыз. Жақсылық Үшкемпіров
Жақсылық Үшкемпіров — қазақ халқының біртуар ұлы, грек-рим күресінің балуаны, спорт
шебері. Ол бүкіл әлемдік күрес жарыстарында ел намысын қорғаған. Қазақтың бұл балуаны 1951 жылы 6 маусымда Жамбыл облысындағы Тегістік ауылында туған. Ол осы бір шағын ауылда бала күнінен бастап спортпен шұғылданды. Жас спортшы өз өмірін грек-рим күресіне арнады.
Бірбеткей,шымыр, пысық, алғанынан қайтпайтын спортшы Жақсылық Үшкемпіров – 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында алтын медаль иеленген чемпион. Сол кезде боз кілемде өз өнерін көрсеткен балуан Кеңес Одағының екі дүркін чемпионы атағын алған. Осы атақтары балуанның атын әлемге танытты.
Кішкене көзді, кең маңдайлы, орта бойлы Жақсылық Үшкемпіров биыл, яғни 2020 жылы 69 жасында дүниеден озды.
А)
Кейіпкерге берілген автор
мінездемесі
Кейіпкердің
жасы, түрі,
сыртқы келбеті
Кейіпкердің
іс-әрекеті