1-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін Табыңдар. 1. Қазан қайнап, марқаның еті пісуге айналғанда, оқыған аза- маттардың ішінен жырылып шыққандар ошақ басына келе бастады (І.ж.). 2. Ірі қара төбет қора түбінен бой көрсетіп үріп келеді (Ә.Нұрп.). 3. Араларына терең құздар тастап, биік таудай жоталана көтерілген бітеу толқындар кенет салдыр-гүлдір шалқалай құлап, теңіз бетіне су борасынын шашып жатты (Ә.С.). 4. Екпінді үлкен мәшинелер өткен кезде терезе әйнегі шылдырап, дір-дір еткендей болады (Б.С.).