1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру: 1.Махамбет Өтемісұлының қандай шығармаларын білесіз?

2. Ахмет Байтұрсынұлы кім?

3. Алаш партиясы туралы не білесіз?

4. Т.Әлімқұловтың «Қараой» шығармасы не туралы?

5. Әлихан Бөкейханов кім?

2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, осы мәтін бойынша мазмұндама жазу.

Ертеде бір бала әкесіне: «Сені кейін ер жеткен соң, аяғыңды жерге тигізбей, арқалап жүремін», - дейді екен. Бала ер жетеді. Әкесі қартаяды да, бір күні қатты науқасқа шалдығады. Ұлы «пәлен жерде ғұлама емші бар» дегенді естиді. Әкесіне: «Баяғыда көп айта беруші едім ғой, сол сөзім – сөз, емшіге апарамын», - дейді. Әке өз қадірін түсінген перзентіне риза болады. Бір күні екеуі жолға шығады. Жігіттің арқасында – әкесі. Бірнеше күн өтеді. Күн ыстық. Топырақ та, ауа да от. Әкесін арқалап келе жатқан жігіт шаршайды. Ұлының арқасында отырған әкесі алыстан бірдеңені көреді. Баласынан:

- Балам, анау не, көзім жетпей тұр? – дейді. Қанша шаршаса да, жас емес пе, жігіт әкесі айтқан жаққа қарайды. Ол қарайған түйе екен.

- Түйе ғой, әке, түйе! – дейді ол. Ішінен: «Әкем бала болып кетті ме сонша. Адам өзі діңкелеп келе жатқанда... Мазаны алмай тыныш отырмай ма?» - деп күбірлейді. Бұлар емшінің ауылына қарай жылжи береді. Аздан соң әкесі жаңағы сұрағын қайталайды.

-Анау не, балам?

-Жаңағы түйе ғой, әке. Түйе, түйе!

Дауысы шаршау шығады. Бұған не болған дегендей әкесіне алара қарайды. Әуелде қу-сүйек жеп-жеңіл боп көрінген әкесі, енді зіл қара тас секілді. Арқасы терден удай ашиды. Ашуланып аударып тастай салатын зат емес. Әке. Ал әкесі баласының бұл күйін білмей келе жатқан сияқты. Ат үстінде отырғандай жайбарақат көңілді. Біраздан соң, жаңағы сұрағын үшінші рет қояды.

-Анау не, балам?

Жігіт қарайды да:

- Түйе ғой, түйе! – деп ақырып жібереді.

– Осымен үшінші рет сұрадың. Неге қажет сонша. Мен мынау өлейін деп...

- Балам, тоқта, түсейін арқаңнан, болды енді, - дейді өкпелеп.

- Неге? Отыра бер!

- Жоқ. Болмайды. Әкеңнің бір еркелігін көтермедің. Баяғыда сен арқамда отырып, аспандағы жалғыз айды: «О не?» - деп жүз сұрасаң, ерінбей-жалықпай жүз рет жауап беруші ем. Жылқының түнгі күзетінен титықтап келгенде де, бетіңе жел боп тимейтінмін. Жасқаншақ болмасыншы дейтінмін. О, дүние-ай! Енді бұл аурудан айығам деген үмітім жоқ, тек сенің көңілің үшін шықтым. Бір еркелігімді көтермедің. Қой, осы жерден елге қайтам! –деді әкесі.

….Бәрі көңілге байланысты ғой, мүмкін, еркелігін көтерсе, әкесі сырқатынан жазылып та кетер ме еді, кім білсін... (С.Оспанов).

TemkaVGG TemkaVGG    1   27.01.2021 10:07    2

Ответы
акылбек5 акылбек5  27.01.2021 10:10

тау жыныстары жер жыртты өте көп мөлшерде болады және ол зарядка мен айтпашы болды және ол зарядка отырайын менен қызы мен ұлына бөліп шығарады ал 5 6

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Golpio Golpio  27.01.2021 10:10

коп сурак кой қалай жауап бересін қиын болады

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi