1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
Қыз сыны
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек,
Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.
Иықтан шашын төгіліп жерге,
Күмісті шашбау жарасып белге.
Қиылған қасы, қарақат көзі,
Жүректі баурап оятар сезім.
Тал бойың нәзік қызғалдақ гүлдей,
Дидарын нұрлы шуақты күндей.
Жаңарып қайта, жаңғырып көнем,
Ләззат алар көрген жан сенен.
Көркіңнен сенің айналдым, еркем,
Халқымның салтын сақтаған көркем.
Құдайберген Қазыбек
Сұрақтар:
1. Өлеңде не туралы жырланады?
2. Қазақ қызының киім үлгісін ақын қалай суреттеген?
3. Қызға тән талғампаздық мен нәзіктікті қай өлең жолдарынан байқадыңыз?
4. Қыз балаға жарасымды қылықтарды атаңыз.