1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер (121 бет, 1-тапсырма) • Олимпиада ойындары туралы не білесің?
• Олимпиада эмблемасында неше сақина бар?
• Қазақстанның қандай олимпиада жеңімпаздарын білесің?
• Олардың ішінде кімді ерекше жақсы көресің? Неге?
• Ол қандай спорт түрінен чемпион атанған?
• Ол қазір қайда жұмыс істейді?

dimasikPro2 dimasikPro2    1   15.12.2020 17:14    2

Ответы
SmartJager SmartJager  14.01.2021 17:17

ответ:Олимпиада ойындары немесе Олимпиада (гр. Ολυμπιακοί Αγώνες) төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.

Ежелгі Грекияда болған дәстүр, XIX ғасырдың соңында француздық қоғам қайраткері барон Пьер де Кубертенмен жаңартылды. Алғашқы кезде тек қана жазғы Олимпиада ойындары, төрт жылда бір рет өткізіліп отыратын, дүниежүзілік соғыстар болған жылдарды қоспағанда. 1924 жылы жазғы ойындарымен қатар қысқы Олимпиада ойындары да өткізіле бастады. Бірақ 1994 жылдан бастап жазғы және қысқы ойындар екі жылдық айырмашылықпен өтіп тұрады.

Олимпиада ойындарының ұраны — Citius, altius, fortius немесе "тезірек, жоғарырақ, күштірек".

1.олимпияда сақинасы 5сақина

2.Василий Жиров - Олимпиада чемпионы, боксшы, 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Олимпиада нәтижесі бойынша Вэл Баркер кубогына қол жеткізген алғашқы қазақ боксшысы.

Юрий Мельниченко - грек-рим күресі бойынша Олимпиада чемпионы, 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Қазақстанның Еңбек сіңірген бапкері.

Александр Парыгин - Олимпиада чемпионы, бессайысшы.

Ермахан Ыбрайымов - Олимпиада чемпионы, Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері, боксшы.

Бекзат Саттарханов - Олимпиада чемпионы, 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Ольга Шишигина - Олимпиада чемпионы, кедергілермен 100 м жүгіру бойынша байрақты спорт додасының жеңімпазы атанды.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi