1-тапсырма Оқылым

Мәтінді оқып , төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Прочитайте текст и ответьте письменно на вопросы ниже.

Баянауыл өлкесінің сұлу табиғатының кіндік ортасы – Баянауыл тауларының жоталар аймағы. Жасыл орманға бөленген көгілдір биік тау қиялары, күмістей мөлдір көлдері, жұпар иісі аңқыған гүл жамылған алаңдары, жидекті- жемісті табиғи баққа толы сай-салалары, сарқырап аққан бұлақтары, таңғажайып жаратылған жартастарымен тау шыңдары, самал ауасы жанға сая болған бұл таулы алқапты халық ежелден Сарыарқаның «Жер ұйығы» деп атаған.

Баянауыл тау жоталарының жүйесі шығыстан батысқа қарай 40 шақырымға созылып жатыр. Меридиандық бағыттағы ені 20 шақырым. Негізгі тау жотасы Ақбеттау, Жақсыаула, Жаманаула деген 3 бөліктен тұрады. Тау басының ең биіктері: Ақбет тауы – 1027 м., Өгелен тауы – 969 м., Шибет тауы – 728 м., Сарытауы – 747 м., Жақсыаулаға кіреді, түстікте Нияз тауы – 685 м.

1. Халық ежелден Сарыарқаны қалай атаған?



2.Баянаула тау жоталарының жүйесі шығыстан батысқа қарай қанша шақырымға созылып жатыр?



3. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз. Определите основную тему текста.



2-тапсырма. Берілген сөздердің аудармасын табыңдар. Найти перевод заданных слов.

1. Табиғат -

2. Су -

2. Тау -

3. Саябақ -

5. Қорық -

Жазылым.

3-тапсырма. Шашылған сөздерден сөйлем құрастырып жазыңыз. Сөздердің орын тәртібін сақтаңыз. На основе приведенных слов постройте предложение, соблюдая порядок слов.

1. Жел, құм, соққан сайын, өзгертіп отырады, түрін. (Жел соққан сайын құм түрін өзгертіп отырады)

2. Көлді, қарағай, хош иісті, қоршаған, орманы.

3. Қорықта, өседі, қызғалдақ пен сарғалдақ.

4. Таласады, көгілдір, таулар, биік, аспанмен.



fursatana0 fursatana0    3   12.05.2021 14:17    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi