1-тапсырма. Оқылым.
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Ахмет ақсақал балаларды бастарынан сипап өтті де, шетте тұрған неміс
баласының қолынан ұстады. Ертеңіне Ахмет көрші ауылдан Сейітбек қожаны алып
келіп, баласын сүндетке отырғызды. Кешке бүкіл ауылды баласының тойына шақырды.
Жылы төсекте жатып ұйқыға кеткен Зигфрид Вагнер таңертең Зекен Ахметұлы
Бегімбетов болып оянды.
Көп ұзамай Ахаң ауыл тұрғындарымен бас қосқан жерде үнемі баласы туралы
әңгімелейтін болды.
- Өзі ұғымтал, - дейді мақтанып. - Аса зерек. Бірақ биыл мектепке бермеймін. Тілі
жаттықсын...
- Тіпті бөтендігі жоқ, - дейді қуанып. Алғашқы күндері үркек еді. Қазір мені мен
шешесін қойшы, осы бәріңе, бүкіл ауылға бойы үйреніп қалды.
Зигфрид кекшілдігі жоқ, жайдары бала боп шықты. Көбіне жалғыз ойнайды.
Әкесінің тымағын киіп алып, көк шыбықты ат қып мініп алып, күні бойы үй маңында
асыр салады. Ептеп қазақша сөйлей бастағаннан бері ауыл балаларымен арадағы алалық
азайды. Кейбір балалар өзі іздеп келіп ойнайтын болды. Зигфрид кім келсе де жақсы
қарсы алады. Бар-жоқты адал бөлісіп жейді.
1. Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз.
[1]
2. Берілген сөздің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.
[1]
барлық
3. Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап жазыңыз.
1. Ахмет ауыл тұрғындарына кім туралы айтты?
[1]
2. Зигфрид қандай бала?
[1]
4. Ахмет ақсақал неге қуанды?
A) ауылға той жасағанына
B) мектепке бермейтініне
C) өзіне, ауылға үйренгеніне
D) қазақша сөйлегеніне
[1]
2-тапсырма. Жазылым. [5]Берілген суреттердің ішінен біреуіне таңдау жасаңыз. Тірек сөздерге сүйеніп, суретті
сипаттаңыз (әр оқушыға 1 суреттен ұсынылады) (6-10 сөйлем).
Тірек сөздер: биік таулар, қарлы шыңдар, табиғат-мүсінші, кең дала, орман, өзен-көл,
жасыл желек, жасыл кіл