1-тапсырма. Оқылым.Мәтінді оқу. Ежелгі Қазақстан қалаларының ішінде Отырардың аты екі жайтқа байланысты ерекше айтылады. 1) ұлы ойшыл Әбу Насыр әл Фараби туған қала ретінде кеңінен танымал. 2)әлемдегі ең ірі кітапхана орналасқан мәдени орталық ретінде белгілі. Алғаш рет «Отырар» және «Фараб» атаулары біздің заманымыздың ІХ ғасырындағы жазба деректерде кездеседі.
Отырар ХІІІ ғасырдың ортасында Батыс пен Шығыс арасындағы жолда ірі сауда орталығына айналды. Себебі, Ұлы Дала арқылы өткен «Ұлы Жібек жолы» өркениеттің кепілі болды. Түркі қағанаттары жалпыадамзаттық өркениеттің ұштаса дамуына жауапкер мемлекет болды. Батыс пен Шығыстан өздері де үйренді, өзгелерге де үлгі көрсетті. Алтын мен күміс бұйымдарға, «Мәңгілік тастарға», өгіз терісіне, қағазға басылған жазулар, теңгелердегі таңбалар - соның дәлелі.
«Шығыстың гүлдену дәуірі» тұсында христиан уағызшылары мен тақуалары өртеген «Александрия кітапханасын» қайта түлету мақсатында араб халифаттары Харун әл-Рашид (786-809) пен Мамун (813-833) «Даналық үйін» («Байт әл-Хикма») ащады. Оны аса бай кітапханамен, обсерваториямен қамтамасыз етеді. Ғылымның барлық саласына арналған кітаптарды бір орталыққа жинап, ғылыми-зерттеу, аударма, кітап шығару жұмыстарымен белсене айналысады. Бұл ислам ықпалына көшкен Орта Азиядағы Хорезм, Бұқара, Самарқан, Отырар шаһарына да тікелей әсерін тигізеді. Әр қаланың өз «Даналық үйі» дүниеге келді. «Жібек жолы» бойымен керуен бастаған көпестер ең құнды сыйлық ретінде Отырар әкіміне кітап сыйлауды дәстүрге айналдырды. Тіпті, бұл мемлекеттік рәсім ретінде қабылданып, ресми сипат алды. Отырар кітапханасындағы қолжазба кітаптарды тек қала тұрғындары ғана емес, шалғайдағы басқа қаланың тұрғындары да пайдаланып отырады.
Отырар қаласына Мимун халиф ерекше көңіл аударған. Ол араб ғылымы мен мәдениетінің ең озық үлгілері мен ғұламаларын, сақабаларын Отырарға аттандырды, кітапханалар мен мектептер, медреселер мен мешіттер салдырды. Сондай «Даналық үйінен» Әбунәсір әл-Фараби де дәріс алды.
(Среди древнейших городов Казахстана имя Отрара упоминается в связи с двумя обстоятельствами. 1) великий мыслитель Абу Наср аль Фараби широко известен как родной город. 2) известен как культурный центр, где находится крупнейшая в мире библиотека. Впервые названия» Отрар «и» Фараб " встречаются в письменных источниках ІХ века нашей эры.
Отрар стал крупным торговым центром на дороге между Западом и Востоком в середине XIII века. Ведь «Великий Шелковый путь» через Великую Степь был залогом цивилизации. Тюркские каганаты были ответственными государствами за гармоничное развитие общечеловеческой цивилизации. С запада и Востока учились сами, показывали пример другим. Надписи на золотых и серебряных изделиях, «вечных камнях», бычьей шкуре, бумаге, символы на тенге - тому подтверждение. В период» эпохи расцвета Востока «арабские халифаты Харун аль-Рашид (786-809) и Мамун (813-833) освятили» дом мудрости «(»Байт аль-Хикма«) с целью возрождения» Александрийской библиотеки", сожженной христианскими проповедниками и благочестивыми. Его обеспечивает богатейшая библиотека, обсерватория. Собирает книги для всех областей науки в одном центре, активно занимается научно-исследовательской, переводческой, книгоиздательной деятельностью. Это напрямую влияет на Хорезм, Бухару, Самарканд, Отрар в Центральной Азии, которые перешли под влияние ислама. В каждом городе родился свой «Дом Мудрости". Купцы, начавшие караван по "Шелковому пути", стали традицией дарить книги акиму Отрара в качестве самого ценного подарка. Даже это воспринималось как государственная процедура и носило формальный характер. Рукописными книгами в отырарской библиотеке пользуются не только жители города, но и жители других отдаленных городов.
Особенное внимание городу Отрар уделял Мимун халиф. Он отправлял в Отрар лучшие образцы арабской науки и культуры, сакабы, строил библиотеки и школы, медресе и мечети. Также из «дома Мудрости» учился Абунаир Аль-Фараби.)
Мәтінде не туралы айтылды? ( О чем сказано в тексте?)
«Отырар ХІІІ ғасырдың ортасында Батыс пен Шығыс арасындағы жолда ірі сауда орталығына айналды». Осы оймен келісесің бе? Себебін жаз. ("Отрар стал крупным торговым центром на дороге между Западом и Востоком в середине XIII века». Ты согласен этой идеей? Напиши причину.)
«Жібек жолы» бойымен керуен бастаған көпестер ең құнды сыйлық ретінде Отырар әкіміне нені сыйлауды дәстүрге айналдырды?( Что стало традицией у купцов, начавших караван по Шелковому пути, преподносить акиму Отрара как самый ценный подарок?)
2-тапсырма. Берілген сөзердің синонимін мәтіннен тауып жаз (Найдите и напишите в тексте синоним данного слова):
есімі- ,үлкен- , бағалы- , алыстағы - .
3-тапсырма. Көмекші есімдерді қолданып 4 сөйлем құрап жаз. (Напишите 4 предложения, используя вс существительные.)