1-тапсырма. Оқылым Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Кең байтақ қазақ жерінің бір бөлігі - Сарыарқа. Сарыарқа Қазақстанның ұлан-ғайыр жерін алып жатыр. Арқадай кең көсіліп жатқан сары дала қайталанбас тамылжыған табиғатымен тамсандырады. Сарыарқаның төсінде соғатын самал жел есіп қоя бергенде, өзіңді тамаша күйде сезінесің. Сары даланың самал желі ғана емес, табиғатының өзі керемет. Мұнда тұңғиық көлдерді, асау өзендерді, аласа тауларды, сарғайған сары шөптерді, жазық даланы көруге болады.
Табиғат адам жанына жылулық, сұлулық өміріне мән сыйлайды. Таңғажайып табиғаты көңіліне бір реніш түсірмейді. Сонау Сарыарқадай сары даладан елін жаудан қорғаған, жұртына қорған болған батырларымыз да шыққан. Сарыарқаның асыл тумалары, сонау Абылай заманындағы Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай, Доскей, жазушы С.Сейфуллин және ақын Қ.Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н.Әбдіров, ғалымдар А.Чижевский және Е.Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған. (127 сөз)

1. Кең байтақ қазақ жерінің бір бөлігі не?

[1]
2. Сарыарқа төрінен кімдер шыққан?

[1]
3. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін мазмұнына сәйкес келеді?
А) Әке балаға сыншы
В) Әкеге қарап –ұл өсер,
Анаға қарап –қыз өсер
С) Айлалы батыр алдырмас.
Д) Туған жер - алтын бесік. [1]

4. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.
а. керемет -
в. сазгер -
с. еліне -

HollywooD2016 HollywooD2016    1   14.05.2021 12:08    0

Ответы
lagieto12345678 lagieto12345678  14.05.2021 12:10

Не шарю в физкультуре, играю в бравл старс

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
иззи2 иззи2  14.05.2021 12:10

1.сарыарка

2.буқар жырау,каздауысты казбек,шашубай,шеже,до скей,,с.сейфуллин,каманжолов,тәттімбет,мәди,н,әдіро в,а,чижевски,е,бөкетовт,әубәкіров

3.туған жер-алтын бесік

4.kepeмeт-тамаша

сазгер-композитор

еліне- туған жері

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi