1-тапсырма. Оқылым Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Бірлік күні Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы - бірлік, ел іші - тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні, ал 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
(133 сөз)
Мәтінге сүйеніп, сұрақтарға жауап бер. (ответь на вопросы используя текст)
1. Қазақстан халықтарының бірлігі күні қай кезде тойланады?
A. 7 мамыр
B. 1 мамыр
C. 9 мамыр
D. 10 мамыр
2. Қазақ елі қандай қағиданы ұстанған?
A. Береке бастауы - бірлік, ел іші - тату тірлік
B. Еңбектің наны тәтті
C. Оқу – инемен құдық қазғандай
D. Білімдінің күні жарық
3. Қазақстанда тұратын ұлт пен ұлыс өкілдерінің саны қанша?
A. 120-дан астам
B. 160-қа жуық
C. 150-ден астам
D. 130-дан астам
4. Мәтіннің тақырыбын анықта:
А. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі
В. Ұлы Жеңіс тақырыбы
С. Қазақстан халқының бірлігі
D. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
5. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған жыл
А. 1997 жыл
В. 1996 жыл
С. 1995 жыл
D. 1994 жыл
!