1-тапсырма. Оқылым. Берілген өлеңдерді оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
1-өлең Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы – үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. 2-өлең Жаздыгүн шілде болғанда, Көгорай шалғын, бәйшешек Ұзарып өсіп толғанда, Күркіреп жатқан өзенге Көшіп ауыл қонғанда. Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жоны қылтылдап, Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып, ыңқылдап, Суда тұрып шыбындап, Құйрығымен шылпылдап, Арасында құлын-тай Айнала шауып бұлтылдап, Жоғары-төмен үйрек, қаз Ұшып тұрса сымпылдап.
1-мәтін 2-мәтін
Өлеңдердің авторы кім?
Тақырыбы?
Өлеңдерде не туралы айтылған? (Толық жауап беріңіз)
Абай Құнанбайұлы
Тақырыбы : қыс
өленде қыс мезгілі туралы аяз туралы айтылған
екеуіндеде мезгіл туралы айтылған