1-тапсырма. Оқы ,мәтінге 10 сұрақ жаз.  Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы болған. Есік қаласының маңынан табылған Алтын Бекзаданың жанындағы күміс тостағанда: «Аға, саған бүл ошақ! Ошағынан безгендер, тізеңді бүк! Халықта азық-түлік мол болғай!» — деген жазу бар. Алтын Бекзаданың біздің заманымызға дейінгі VII—V ғасырларда өмір сүргендігі анықталып отыр. Сақтар көне түркі тілінде сөйлеген. Күміс тостағандағы жазу мен біздің заманы-мыздағы VIII ғасырда жазылған Орхон жазулары бірдей.

Сақ, ғүн дәуірлерінен келіп жеткен Тарғытай, Алып-Ер Түңға, Тұмар патшайым, Ширақ батыр, Зарина, Мөде батыр жайындағы аңыз-жырлар бар.

Біздің заманымызға дейінгі көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіш-терін сөз етуден бұрын, қазақ халқын құрған тайпалық бірлестіктердің тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында білгеніміз жөн.

Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең-байтақ даласында сақ, ғұн, үйсін-дер өмір сүрген. Олар алғашқы қауымдық құрылыс тұсында аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысқан. Бұны сақтардың бұғы, арқар, арыстан, самұрық суреттерін салып және олардың бейнесін алтыннан құйып жасағандығынан байқаймыз. Заманымыздың Ү ғасырына дейін оларды «түрік», «түркілер» деп атаған. Олар көне түркі тілінде сөйлеген.

Түркі қағанаты тұсында түркі тілінің өрісі кеңейіп, ұлан-ғайыр өлкедегі негізгі тілге айналды. Олардың таңбәлары ру символдарына ұқсас болып келді. Кене түркі жазуы бертін келе тіл тарихында «Рунә» жәзуы деп аталып кетті. «Рунь» деген сөз «құпия», яғни «сыры ашылмаған» деген ұғымды білдіреді.

Міне, осы руна жазуындағы ескерткіштер тілі ҮІ — X ғасырлардағы оғыз, ұйғыр, қырғыз, қимақ, қыпшақ т.б. түркі тайпалардың бәріне бірдей ортақ жәзбаша әдеби тілі болды.

Сақ, ғұн дәуірінен келіп жеткен Алып — Ер Тұңға, Тұмар патшайым; Ширақ батыр, Мөде батыр жайында аңыз-әңгімелер бар. поогите надо составить по тексту 10 вопросов​ пожеее​

Yaneken Yaneken    3   23.11.2020 13:44    0

Ответы
1.Сақтардың неше әріптен тұратын жазуы болған?(26)
2.Алтын Бекзада қай ғасырларды өмір сүрген?(VII-V)
3.Сақтар қай тілде сөйлеген?(көне түркі)
4.Күміс тостағандағы жазу мен тағы қай жазу бірдей?(Орхон)
5.Сақ,Ғұн дәуірлерінен келіп жеткен қандай аңыз жырлар бар?(Тарғытай,Алып-Ер,Түңға,Тұмар патшайым,Ширақ батыр,Зарина,Мөде батыр)
6.Сақ,Ғұн,Үйсіндер өмір сүрген аймақ?(Орта Азия мен Қазақстан)
7.Сақ,Ғұн,Үйсіндер қандай шаруашылықпен айналысқан?(егіншілік,аңшылық,мал)
8.”Рунь” сөзінің мағынасы?(құпия)
9.Руна жазуындағы ескерткіштер тілі қай тайплаарға ортақ болды?(оғыз,ұйғыр,қырғыз,қыпшақ, т.б)
10.Қай қағанатта түркі тілінің өрісі кеңейді?(Түркі)
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi